Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 млрд теңгеге шығын өтелді

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2023
  • 912

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу аяқталды. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты.

Оның айтуынша, зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 млрд теңгеге залал өтелді, оның 95% қысқа мерзімде төлемдер алды. Барлық жеке тұлғаларға 615,3 млн теңгеге мүліктік залал өтелді.

«Қаржының бір бөлігі «Жаңа Алатау» қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді қайтаруға көмектесті. Ал бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды»,- дейді Асқар Әмрин .

Сонымен бірге бір жыл ішінде Алматы тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 2022 жылы қосымша 16,8 млрд теңге бөлінген. Қаржат Полиция департаментінің көлік құралдары мен 3050 камераны қалпына келтіруге жұмсалған. Бұл қаржыға сонымен бірге ақшалай өтемақы төленіп, арнайы техника, жабдықтар сатып алынған.