Русский Сайттың толық нұсқасы

2027 жылға қарай 1,5 миллион жас жұмыспен қамтамасыз етіледі

Биыл 100 мыңға жуық жас жұмыспен қамту іс-шараларына тартылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек мәлімдеді. Бас қалада және еліміздің бірқатар өңірлерінде «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде.

Елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастарды. Мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардан 50-ден астам жұмыс беруші қатысты. «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек жастар үшін әділетті әлеуметтік лифттер құру партияның сайлауалды бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бүгін осы жастарға жұмыс жобасының аясында еліміздің 20 өңірінде осындай жәрмеңке өткізіп бастадық. Бұл жердегі басты мақсат осы бүкіл жұмыс берушілерді бір жерге жинап жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. 20 өңірде осы үш күннің ішінде 3548 жұмыс орны жастарға ұсынатын болады.

Ақтөбедегі жәрмеңке «Жастарға кеңес» атауымен өтті. Мұнда жастарға заңгерден бастап, өз кәсібін ашу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры және «Отбасы банк» қызметкерлері кеңес берді. Ал, қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мамандары бос жұмыс орындарын ұсынды. Облыста мұндай жастарға бағыт бағдар көрсетуге арналған шаралар дәстүрлі түрде өтіп келеді. Жыл басталғалы «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері түрлі мекемелермен бірлесіп осындай ондаған кездесу өткізген.

Әнуар ИСКАРИН, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда бұл жобаның бір ерекшелігі бұл жерде тек кеңес беріліп қоймайды. Бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтеді. Яғни жастар жұмыспен қамту мақсатында Қазіргі таңда аймақтың жол картасы бар. Онда бес мыңға жуық жасқа жұмыс ұсыну, құқықтық кеңес беру , баспанамен қамту секілді бағыттар бар.

Ал, Қарағанды да ең үлкен сауда қалашығында өткен кеңеске үш жүзден астам жас жиналды. Оларды жұмыспен қамту орталығы мен банк және бірнеше ірі кәсіпорын қызметкерлері бос орындармен таныстырып, бизнес үшін тиімді несие алу сонымен қатар ипотекамен баспаналы болу жолдарын түсіндірді. «Жастарға жұмыс» жобасы аясында 20 елді мекенде жүйелі кеңес өткізілген. Белсенділер барлық облыс орталығы мен ауыл- аймақтарды қамтимыз,- деп отыр. Бүгінде шараның арқасында өз жолын тапқан жастар көп. Жалпы елімізде 18 ден 35 жас аралығында 6 млн жас болса, оның 5 пайызы жұмыссыз.

Зият СӘДУАҚАСОВ, СТУДЕНТ:

Өте пайдалы. Өйткені көбіміз білетіндей бұндай ақпарат көп тарамайды. Достарымен қыдырып жүргенде осындай пайдалы зат көргенде менің ойымша өз бос уақытыңда осындай пайдалы жұмыспен айналысып өз- өзіңді дамыта аласың деп ойлаймын.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастардың арасында зор сұранысқа ие актуалды үлкен- үлкен кәсіби компанияларды шақырып жатырмыз кәсіпорындарды. Біздің ойымызша осындай форматтағы жұмыстың арқасында жас азаматтар қолдары жетпей жүрген, танысын таба алмай жүрген басқа да мәселелердің себебінен жұмысқа орналаса алмай жүрген , үлкен жақсы жерлерге жұмысқа орналасуына мүмкіндік туатын болады.

Еліміз бойынша «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесіне 20 мыңға жуық жас қатысты. 3,5 мыңнан астам жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы, биыл 100 мыңға жуық қазақ жастары жұмыспен қамтыламақ.