Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев киноға барған көрермен санын есептейтін цифрлық жүйе енгізуді тапсырды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2023
  • 1041

Отандық киноның дамуына жаңаша көзқарас, тың серпін керек. Бұл жайында Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір кинотеатр иелері отандық фильмдерді экраннан көрсету үшін қомақты қаржы талап етеді. Билеттен түскен қаржының едәуір бөлігі тағы да кинотеатрлардың және жеке компаниялардың қалтасына кетеді. Бұған қоса, киногерлер фильмді нақты қанша адам көргенін анықтай алмайды. Қысқасы, киноға бүкіл білімін, күш-қайраты мен уақытын сарп еткен мамандарға табыстың аз ғана бөлігі тиеді. Кино мамандары пайда табу үшін өте арзан фильмдер түсіруге мәжбүр. Сондықтан, құны арзан, мазмұны арзан фильмдер пайда болуда», - деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымынша, отандық киноның дамуына жаңаша көзқарас, тың серпін керек.

«Мысалы, киноға барған көрермен санын есептейтін цифрлық жүйе енгізуге болады. Мәдениет және спорт министрлігіне жуық арада осы жүйені дайындап, қолданысқа енгізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.