Русский Сайттың толық нұсқасы

Масс-медиа билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2023
  • 1112

Түркістанда өтіп жатқан құрылтайда Мемлекет басшысы ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін атап өтті,-деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту. Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет,-деді Президент.

Президенттің айтуынша, креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Қазір медиа саласы, кино және сериал, мультфильм, спорт және музыка шоулары, компьютер ойындары мен кітаптар – бәрі бірігіп, біртұтас жүйеге айналды. Бұл жүйе озық құндылықтар мен қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Оны толыққанды жүзеге асыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет.