Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жүргізушілердің төлемей жүрген 16 млн теңгеден астам айыппұлы өндіріліп алынды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2023
  • 902

Атырау аумағында 2023 жылдың басынан айыппұлдарын төлемей жүрген 800-ден астам көлік арнаулы тұраққа қойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 7 маусымда басталған "Борышкер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 287 автокөлік айыппұлын төлемей жүргені үшін арнаулы тұраққа қойылды. Ал 400-ге жуық көліктің 16 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы сол жерден төленіп, өндіріліп алынды.

Полиция департаменті жүргізушілерге 7 күн ішінде айыппұлдың 50%-ын төлеуге болатынын ескертті.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасы бойынша жол қозғалысын автоматты қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша "Қорғау-қауіпті жүргізуші" мобильді қосымша енгізілді.

Атырау бойынша "Қорғау" көмегімен 2022 жылғы 8 мамырдан бастап қазірге дейін барлығы 7 143 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталған.