Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы 4 жерлеу орнына ресми мәртебе беріледі

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2023
  • 1006

Астанада 4 жерлеу орны ресми мәртебеге ие болады, абаттандырылады және қоршалады. Олар – «Талдыкөл», «Башан» және «Омар» зираттары. Бұл туралы Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жерлеу орындарына ресми мәртебе берудің маңыздылығын түсінеміз. Ата-бабалардың рухын құрметтеу – біздің міндетіміз. Көпжылдық мәселені шешу үшін тарихи жерлеудің нақты шекараларын анықтау процесі басталды. Топографиялық түсірілім бізге қандай учаскелерді қоршап, ретке келтіру керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін барлық деректерді жинағаннан кейін жерлеу орындары ресми мәртебеге ие болады», - деді Жүсіп Жұмағұлов.

Белсенділер мен ұрпақтардың айтуынша, жерлеуді тану мәселесі бірнеше ондаған жылдар бойы көтеріліп келеді.

«Аумақтарды абаттандыру және осы зираттарға мәртебе беру мәселесімен біздің ақсақалдарымыз 20 жылдан астам уақыт айналысып келеді. Бұл сұрақ әкемнің көзі тірі кезінде де алаңдатқан. Ақырында, мәселе өзінің қисынды қорытындысын тапты», - деді бастамашыл топтың мүшесі Ақтайлақ Ыбырай.

Өлкетанушы Леонид Семеновтың зерттеулері арқасында «Талдыкөл», «Башан» және «Омар» жерлеу орындары туралы ХХ ғасырдың басынан бері белгілі.

Fading TSE қалалық зерттеу платформасының жетекшісі, зерттеуші-сәулетші Теміртас Ысқақовтың айтуынша, бұл қабірлерге жерлеу кем дегенде 1890-1960 жылдар аралығында басталған. Бірақ, 1960 жылдары үлкен Талдыкөл көлінің ағынды суларды жинақтаушы-буландырғышқа айналуына байланысты ауыл тұрғындары қоныстанды.

Айта кетсек, «Талдыкөл» зиратында жерленген адамдардың ұрпақтары жерлеу орындарын тазалады. Іс-шараға Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері де қатысты.