Русский Сайттың толық нұсқасы

Жантүршігерлік оқиға: әкесі үш баласын пышақтап өлтірген

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2023
  • 1719

Өзбекстандағы Самарқандта жантүршігерлік оқиға болды. Әкесі үш баласын пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, 36 жастағы жергілікті тұрғын Израильде жұмыс істеп жүрген әйелімен жанжалдасып қалған. Ол одан кек алуды ұйғарып, пышақ алып, кәмелетке толмаған үш баласын (екі қыз және бір ұл) өлтірген.

Кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Ер адам қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.