Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жақсы араласамыз": Біржан Хасанғалиев алғаш рет әкесінің бірінші некедегі қызы туралы баяндады

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2023
  • 1550

Әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан әкесінің бірінші некедегі қызы туралы айтты. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әкемнің алдыңғы некеден қызы бар. Тоғжан Хасанғалиева. Астанада жұмыс істейді. Мемлекеттік қуыршақ театрының басшысы. Ол кісі де өнер жолында. Әрине, араласамыз. Жақсы араласамыз. Менің де туған апам. Менің екі туған апам бар. Біреуі - Элико, біреуі - Тоғжан. Бір-бірімізге бауырмашыл көзқараспен қараймыз", - деді Біржан Хасанғалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Біржан Хасанғалиев өзінің отбасы туралы айтқан болатын. Танымал әнші жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.