Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейдегі "Би-2" концертінің тоқтатылуына әкімдік түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2023
  • 901

Семей қаласының әкімдігі "Би-2" концертінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала әкімдігі концертті әкімдік тоқтатпағанын мәлімдеді.

"Концерттен бас тартқан әкімдік емес. Концерт болатын аренаның басшылығы осындай шешім қабылдады. Қазір арена ұйымдастырушылармен концертті кейінге қалдыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік "Арена" өкілдері 19 маусымда Семейдегі концертті ұйымдастырушыларға жолдаған хаттың көшірмесін берді.

"Абай облысында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Семей қаласының жұртшылығы "Би-2" тобының концертін кейінге қалдыру туралы өтініш білдірген. Облыстық мәслихаттың депутаты Эльзира Жүнісова әлеуметтік желіге жазба жариялады. Бұл туралы Facebook-парақшасында: "Кеше біз орман өрті кезінде соңғы қаза тапқандарды жер қойнына тапсырғанбыз. Бұл туралы жазу өте өкінішті. Бірақ апта бойы, адамдардың қайтыс болғандармен қалай қоштасқанын, қазаның ауыртпалығын отбасымен бөліскенін естиміз. Күні кеше біздің Семей қаласына "Би-2" тобы келетінін және барлық жиналған қаражатты зардап шеккендерге көмек ретінде аударуға ниетті деген ақпаратты көрдім.
Бұл әрине игі іс, бірақ концерт екі күннен кейін болады! Менің ойымша, бұл қаза тапқандар мен қайғы жұтып отырғандар үшін дұрыс болмайды. Бүкіл елде аза тұту жарияланғанына 10 күн де өткен жоқ. Сондықтан қазір концерт өткізетін уақыт емес. Жерлестерімізден кенет айырылып қалатынымызды білмей, ұйымдастырушылар мен билет алып қойғандар бізді түсінеді деп ойлаймын. Жақыныңды жоғалтудың, күйзелістің, азаптың қайғысы әлі басылмады. Уақыты келеді, мерекелік шаралар қайта жалғасады", - делінген құжатта.

Арена басшылығы "қоғамның пікірін ескере отырып" концертті 2023 жылдың тамызына ауыстыруды сұрайды.

Еске салайық, Семей әкімдігінің Instagram парақшасында "Би-2" концертінің тоқтатылатыны туралы хабарлама тараған болатын. Кейбір комментаторлар шенеуніктердің әрекетін сынға алды. Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба жойылды.