Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» жоғарғы оқу орындарына түсе алмай қалған мектеп түлектеріне көмектеседі

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2016
  • 2952

Биыл оқуға түсе алмай қалған мектеп мүлектерінің саны 10 мыңға жеткен. Енді оларға «Нұр Отан» партиясы көмектеспек. Жоғарғы және орта оқу орындарына түсе аламай қалғандарға кәсіби білім беріп, жұмысқа орналастыратын көлемді республикалық жоба жүзеге асырыла бастады.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысындағы жұмыс сапары кезінде мәлімдеді. Жобаның іске асырылу барысын партия тікелей қадағаламақ.

Орта маман дайындауда Қарағанды политехникалық колледжі көш бастап келеді. Мұнда 2 жарым мыңнан астам студент дуалды білім жүйесімен оқиды. Яғни, оқу орны жастарды жұмыс берушілермен бірге оқытады. Нәтижесінде студенттер теориялық білімдерін ірі кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибелермен шыңдап, бәсекеге қабілетті маман болып шығады. Үшінші курста-ақ жұмысқа орналады.

Тілеутай Бексұлтан, Қарағанды политехникалық колледжінің 3 курс студенті:

«Колледжбен де, кәсіпорынмен де байланыс болады. Біз кәсіпорындарда жұмыс істеп, бұл жерден жақсы маман болып шығамыз».

Елде жұмысшы мамандықтарға сұраныс артқан. Жаңа технологияларды меңгерген жастардың жұмысқа орналасуын партия қадағалайды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында тың идеяларды марапаттау, танымал өндірістерге жолдама беру қарастырылған. Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед аймақтағы ірі өндіріс орны «Инстальконда» болды.Колледждің 10 түлегі мұнда тәжірибеден өтіп, кейін сол кәсіпорынға тұрақты жұмысқа орналасты.Металл құрылымдарын дайындайтын зауыт «Хан Шатыр»,«Бәйтерек»,«Қазақ елі» монументтерін құрастырған.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Қарағанды облысы металл өндірісі жағынан алдыңғы қатарда. Биыл біз 4 жаңа кәсіпорынды іске қостық. Жыл аяғына дейін тағы 6 жоба жүзеге асырылады. Биылғы жобалардың ішінде ең ірісі кен байыту комбинаты болды. Ал, бұрыннан келе жатқан зауыттар мемлекеттік бағдарламаар арқылы жаңа технологияларға көшіп, өндірістерін жаңартып жұмыс істеп жатыр.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

«Қарағанды облысы еліміздің географиялық жағынан ғана емес,экономикалық жағынан алғанда да индустриялық орталық болып есептеледі. Қорғасын, мырыш өндірісінің өзі 44 пайызға өскен. Міне, осының барлығы индустрияландырудың, елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңірге жасап отырған қамқорлығы». ТІЛШІ: «Нұр Отан» партиясы өңірлердегі «Агробизнес 2020» бағдарламасын да бақылауға алған. Қарағандыдағы «Нәтиже» сүт фабрикасы осы бағдарлама аясында өндірісін жаңартты. Мемлекеттен 180 млн теңге инвестиция құйылған. Тәулігіне 80 тонна, 30 түрлі сүт қышқыл өнімін шығарады.

Дулатбек Ақпаров, «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры:

2010 жылы толық өндіріс цехын модернизациялаудан өткіздік. Швед «Тетрапак» компаниясының құрал-жабдықтарын қойдық. Барлық жүйе автоматтандырылған. Соның арқасында сапасы жақсарып отыр.

«Нұр Отан» партиясы өңірлерді дамытуға арналған барлық мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалайды. Осылайша, әлеуметтік-экономикалық саланың кемшін тұстарын жою көзделіп отыр.

Айжан ҚУАШ