Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жігіттің артынан жүгірмеймін". Ерке Есмахан Райммен арақатынасы туралы қауесеттерге нүкте қойды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2023
  • 1707

Әлеуметтік желіде танымал әншілер Райм мен Ерке Есмахан ажырасып кетті деген ақпарат тараған еді. Ерке бұл қауесетті жоққа шығарып, бәрі жақсы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, күйеуі әлеуметтік желіде бұрыннан ешкімді оқымайды.

"5-ақ күн инстада болмап едім, неғып жоқ жерден у шу, өсек, күйеуіміз екеумізді ажырастырып тастағансыздар? Құдай сақтасын! Туысқандар, достар жәймендеееп звондап сұрайдығо, "бәрі жақсы ма" деп. Жігіт пен қыз кезде ұрысу дегеннен бас тартпай, оой әкететін едім тоқтай алмай. Неке қиып, жанұя болғалы ұрысу дегенді ұмыттық, құндылық қазір басқа. Алла тіл көзден сақтасын! Райм бұрыннан инстада ешкімді оқымайды, 0 боп тұрады. Тіпті мені де оқымайды. Сосын мен де оны оқымаймын. Жігіттің артынан жүгірмеймін, ышша. Сондықтан жоқ жерден жаңалық жасап керек емес! Біздің ажырасуды армандап жүргендерге айтарымыз, біреуге бақытсыздық тілегенше, өздеріңізге бақыт тілеңіздер", - деп жазған әнші әлеуметтік желіде.