Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбас сүйегі сынып, төсек тартып қалғаны ұнамаған: Көкшетауда қарт анасын өлімші етіп сабап тастаған тұрғын сотталды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2023
  • 842

Көкшетауда қарт анасын соққыға жыққан 40 жастағы тұрғынға жаза кесілді. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қалалық прокуратурасының дерегіне сүйенсек, ер адам егде жастағы анасын аяқасты құлап, жамбас сүйегін сындырып, төсек тартып жатып қалғаны үшін соққыға жыққан. Оқыс оқиғадан кейін қарт кісі жедел жәрдем шақырады. Бірақ сол уақытта “Ж” есімді азамат ащы суға мас болып, жұдырық ала жүгірген.

"66 жастағы "К" есімді азаматшаның алты қабырғасы мен жамбас сүйегі сынып, көкбауыры жарылып, жансақтау бөліміне жатқызылған", - делінген қалалық прокуратура ақпаратында.

Сотта мемлекеттік айыптаушы ауыр дене жарақатын салғаны үшін "Ж" есімді азаматты мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберіп, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Осылайша сот тұрғынға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.