Төреғали Төреәліні изоляторда ұстау мерзімі тағы үш тәулікке ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот мәліметі бойынша, қазақстандық әнші "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 613-бабы, 1-бөлігі "Полиция қызметкері талаптарын орындамағаны" үшін жауапкершілікке тартылды.
Майлин көшесі бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, 216-үйдің жанында патрульдік автокөліктің транспорттық құралды тоқтату туралы талабын орындамады, - делінген сот хабарламасында.