Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың сол жақ жағалауындағы көшелерді енді жауын суы шаймайды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2016
  • 2867

Елдегі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Жақып Асановты қабылдап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында бірқатар тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы Бас прокурорға отандық сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде ауқымды есеп әзірлеуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бес реформа жөніндегі жүріп жатқан жағдайлардың бәрі бақылауда, бәрінің есебін тыңдаймын. Сол құқық қорғау органдарының істеп жатқан шаруаларын айтуға дайын бол. Сот жүйесі әсіресе не істеп жатыр?Полиция жүйесі не болып жатыр? Басқа құқық қорғау органдары да.

Ақордада Астана әкімі Әсет Исекешев те тоғыз айдың нәтижесі бойынша есеп берді. Президент "биыл да суға кетіп, жүзбейміз бе" деп сұрады. Қала әкімі Астананың сол жақ жағалауын енді жауын суы шаймайтынын айтты. Бұл проблема біржола шешілген көрінеді. Ендігі міндет - ескі қаланың арық жүйесін салу, - деді әкім. Әсет Исекешев Талдыкөл түбін тазарту жұмыстары да осы жылы аяқталатынын жеткізді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ