Қостанай тұрғыны Дарья Лысяк Instagram-парақшасында Ыстамбұлдан ұшпақ болған Turkish Airlines ұшағы ұшу-қону жолағына шығып бара жатып өрт сөндіру көлігімен соқтығысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.
Ол ұшақ соқтығысқан кезде қанатының бір бөлігі сынғанын айтты.
Қыздың айтуынша, ұшақ әуежайда шамамен 20 минут бойы "айналып жүріп", содан кейін жолаушылар күту залына жіберілген.
Зардап шеккендер жоқ.