Русский Сайттың толық нұсқасы

Криштиану Роналдудың анасы ұлын босанардан бұрын аборт жасатпақ болған

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2023
  • 925

Криштиану Роналдудың анасы Долореш ұлына жүкті кезінде аборт жасатуға оқталған. Бұл туралы футболшының әпкесі Катя Авейру Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Криштиануға аяғы ауыр кезде біздің анамыз Долореш оны босанатын халде емес еді. Тамақ аз, күш көп кететін. Кейде бәрімізді асырау үшін бар нәрсенің өзі жетпей қалатын. Долореш аборт жасағысы келді, бірақ бұл кезде оны бір нәрсе тоқтатып, бала өмірге келді. 39 жыл бұрын ол бәріне қарсы шығып, осы шешімді қабылдады. Сәби жарық дүние есігін ашты. Криштиану ұлттық құрама сапында 200 ойын өткізген алғашқы футболшы атанды. Криштиану бәріне қол жеткізгенін ескерсек, бұл жағдай тіпті бірегей саналады. Ол - миллионер. Өмірінің соңына дейін не істегісі келсе, соны істей алады", - деп жазды футболшының әпкесі.

Еске сала кетейік, Криштиану Роналду "Алтын допты" бес рет жеңіп алған. 2016 жылғы Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының жеңімпазы.