Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашағаннан алынған алғашқы мұнай партиясы экспортқа жіберілді

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2016
  • 3295

Қашаған кен орнының алғашқы қара алтыны экспортқа дайын. Шетелге жіберілетін мұнайдың 26 жарым мың тоннасы бүгін құбыр желісіне жіберілді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабар таратты.

8 мыңдай тонна мұнай Каспий құбыр желісі консорциумына, ал 18,8 мың тоннасы "ҚазТрансОйл" АҚ құбыр желісіне жіберілген. Алғашқы газ да алынды. 23 мың текше метр көгілдір отын "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистарльді жүйесіне бағытталды.

Атыраудан 80 шақырым жерде орналасқан Қашаған әлемдегі ең ірі кен орындарына жатады. Мұнайдың жалпы қоры 38 миллиард баррель, яғни 6 миллиард тонна. Ал газ қоры 1 триллион текше метрді құрайды. Ол Каспий теңізінің қазақстандық аумағындағы алғашқы теңіз мұнай-газ кен орны.