Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2023
  • 979

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді.

Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.

Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін жаздық. Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі. Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.