Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2023
  • 1429

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директорының орынбасары) ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында қызметтік өкілеттігін пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

"Қарамырзаев конкурстың кейбір қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған.
Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр еткен", - делінген ведомство хабарламасында.

Заңсыз әрекеттері салдарынан "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріліп, мыңнан аса қызметкердің құқығы бұзылған.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" тендерлерінің заңдылығын тексеретіні хабарланған болатын. Сондай-ақ, "Өзенмұнайгазда" жұмыс орнына мүлдем келіп көрмеген адамдар қызмет еткені анықталды.