Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 2,5 миллион адамның баспанасы жоқ

Елімізде 2,5 миллион адамның өз үйі жоқ. Құрылыс материалдары қымбат. Көпшілігі сырттан тасымалданады. Баспаналы болуға арналған жеңілдетілген бағдарлама жоқтың қасы. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев бизнес форумында айтты. Ресми деректерге сүйенсек Қазақстанда 19 мың құрылыс компаниясы бар. Оның бүгінгі таңда тек 6 мыңы жұмыс істеп тұр.

Талғат ЕРҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүкіл жерде жаңағы сатып алу шарттары азайып жатыр. Мүмкіншіліктер азайып жатыр. Сондықтан ең маңызды қазіргі мәселе сол мұқтаж боп жүрген азаматтарымызды қаржыландыру. Несие беру. Өйткені олар жалақыдан-жалақыға дейін күн көреді. Жинауға мүмкіншілігі жоқ.