Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі нөмері 165 мектеп ауласы бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген. Шаңы аспанға көтеріліп жататын. Тұрғындар балалар құлап, жазым болады ма деп алаңдаған еді. Салынғанына 35 жыл болған мектептің ауласы жөнделді. Оған "Аманат" партиясының депутаты мұрындық болды.
Асанхан ӨСЕРБАЕВ, ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ауласының ішінде балаларға жүріп-тұруға қиындық туған. Өйткені ескірген, тозған. Енді осыны ауданның 5 квартал аумағынан сайланған ініміз, аудандық мәслихат депутаты Нұркен Ботабайұлы өзінің қамқорлығына алып, қаржылай көмектесті.
Нұркен БОТАБАЕВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мемлекет тарапынан да білім саласын дамытуға, балаларымызға сапалы білім беруге үлкен жұмыстар атқарылуда. Осы округтен сайланған аудандық мәслихат депутаты ретінде, осы округтің тұрғыны, тумасы ретінде бізде сол жұмыстардан шет қалмайық деп, мектептің ауласына жаңадан асфальт жабындысын төсеп балалардың пайдалануына бердік.