Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Қырғызстан сыртқы істер министрімен кездесті

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2016
  • 2475

Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешқандай шешілмеген мәселе болмауы тиіс. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесу барысында осылай деді.

Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының басты бағыттары және екі елдің бірлескен жұмысының алдағы перспективалы салалары талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз туысқанбыз деп сөзбен айта бермей, іс жүзінде де көрсетуіміз керек. Қазақстан Қырғызстан үшін ең жақын көршісі, Қырғызстанды да ең жақын ел деп санаймыз. Барлық жағынан қолдаймыз. Қазақстан мен Қырғызстан арасында шешілмеген ешнәрсе болмауы керек. Образцовые отношения надо сделать. Ел болғаннан кейін әртүрлі пікір болады. Оны да учитывать, уважать. Находить компромиссы и решать все вопросы, которые у нас есть. Жағдайдың барлығын көріп отырмыз, біліп отырмыз. Экономикада, саясатта - барлық жерде бірге болуымыз керек. 

Саламат ОМАШ