Қарағандылық жігіт жұмыс барысында бет жүзі мен екі қолынан айырылғанын дәлелдей алмай жүр. Зауытта күйіп қалған. Бірақ оған материалдық, моральдық шығынды ешкім төлемеген. Ал дене мүшелеріне жасалуы тиіс күрделі операцияға қомақты қаражат керек. Сұңғат Тонтаевқа неге көмек көрсетілмеді? Тілшіміз Айжан Қуаш анықтап көрді.
Бұрынғы бастауыш сыныптың мұғалімі Сұңғат Тонтаев былтыр жеке кәсіпкерде жұмыс істей бастайды. Кейін оны әлемдегі 6 алпауыттың бірі саналатын ферросилиций өндіретін кәсіпорынға орналасуға уәде берген. Онда металл арнайы пештерде балқытылады. Арада екі апта өтпей жатып дәл осы пештердің бірінен кенет от шарпып арты Сұңғат үшін трагедиямен аяқталды.
Сұңғат ТОНТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Осы ожог алатын күні даладан прямо алып келді, комиссия келеді деп зауыттың ішіне тығып жіберді. Маған пештің алдындағы қоршауды сылауға тапсырма берді. Біз сыладық, по порядку келе жаттық үшінші пешті сылап жатқанда от шарпып, сол оттың әсерінен осылай күйіп қалдық. Бізде ешқандай қорғаныш каскалары киімдер берілмеді.
30 жастағы жігіт бүгінде ел көзіне көрінуден қорқады. Оның үстіне дұрыс тамақтана алмайды, екі қолы жұмысқа жарамай қалған. Сот арқылы моральдық материалдық шығын өндірейін десе кәсіпкер мен кәсіпорын бір-біріне сілтеп отыр. Сұңғат Тонтаевтың қорғаушысы қайғылы оқиғадан кейін еңбек инспекторлары тергеуді дұрыс жүргізбегенін айтады.
Саят ЖАҚСЫЛЫҚОВ, АДВОКАТ:
Инспекцияның өрескел заң бұзушылығы басынан басталды деп айтамын, неге десеңіз өйткені жаңағы арнайы комиссияда болды деген 4 адамның екеуі болмаған». «Технологический регламент жаңағыдай қауіпті өндірістерде не үшін ол адамның қауіпсіздігін сақтау үшін жасалатын нәрсе ол жерде 9-10 пунктінде тікелей көрсетіліп тұр жаңағы пеш жұмыс істеп тұрған кезде 3 этажда пешті көсеп тұрған адамдардан басқа адамның болуы мүмкін емес. Бұл кісілер пеш жанып тұрған кезде оның қабырғасын , қоршауын сылаған.
Сол күнгі айғақ құжаттардың түпнұсқасы табылмаған. Еңбек инспекциясы жеке кәсіпкер 80, ал Сұңғаттың өзі 20 пайыз кінәлі деген тұжырымға келген. Ал кәсіпорынның оқыс оқиғаға қатысы жоқ дейді.
Тілген ҚҰЛЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕҢБЕК БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ:
Бұл жерде Уайдиди жұмыс беруші емес қой. Бұл жерде жұмыс беруші Исаев болып тұр. Тергеп тексеру жұмыстары Исаева болды. 8 адамдай болы, куәгер. Барлығы бір ауыздан бірінші пештің ғана қоршауын бояуға тапсырма берілді деді. Екінші, үшінші үшінші пешке Сұңғат өзі кетті деді қасында бірге істейтін жігіттер.
Даулы іске қатысты кәсіпорынға арнайы сауал жолдаған болатынбыз. Оның жауабы мынадай:
Заң бойынша Сұңғат Тонтаевқа келтірілген шығынды өтеу жауапкершілігі жеке кәсіпкер «Исаева»- ға жүктеледі. Жұмысқа жарамсыздығы үшін әлеуметтік жәрдемақы, моральдық және материалдық шығын, пластикалық отаға кететін шығындардың барлығы. Біздің Темір балқытатын пештердің жұмысынан еш кінәрат анықталған жоқ.
Ең сорақысы жеке кәсіпкер оқыс оқиғадан кейін жабылып қалған. Жігіт онымен еңбек келісімшартын жасасып үлгермеген. Сұңғат Тонтаевтың соңғы үміті бас прокуратурада. Ол құзырлы мекемеден қосымша толық тергеу жүргізуді сұрайды.