Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғаламшар Швейцарияның көлеміндей тропикалық орманынан айырылды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2023
  • 793

2022 жылы ғаламшар Швейцария немесе Нидерланды көлеміндей тропикалық орманын жоғалтты: спутниктен алынған деректерге сәйкес, аса маңызды экожүйенің басым бөлігі ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін жойылған.

Өткен жылы әр 5 секундта көлемі футбол алаңындай тропикалық ағаштар өртенді немесе кесілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10% көп, деп мәлімдеді Вашингтон әлемдік ресурстар институты (WRI).

Ең көп зардап шеккен ел – Бразилия, оның жойылған аумағы жаһандық шығындардың 43% құрайды, одан кейін Конго Демократиялық Республикасы (13%) және Боливия (9%) тұр.

Бразилияда ормандарды құрту жағдайы одан әрі нашарлап, бір жылда тағы 15% артты, делінген GFW жыл сайынғы баяндамасында. Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонару билік басында болған кезде орманның заңсыз кесілуіне көз жұма қаралып келген. Қаңтар айында оның орнына келген президент Луис Инасио Лула да Силва Бразилия Амазонкасының жойылуын 2030 жылға қарай тоқтатуға уәде берді.

Алайда, сарапшылар бұл мақсатқа жету жолында көптеген кедергі бар деп санайды. WRI мәліметтері бойынша, 2022 жылы жойылған тропикалық ормандар 2,7 миллиард тонна оттегі шығарды, бұл әлемдегі ең көп қоныстанған Үндістанның жылдық шығарындысымен тең. Шамамен 1,6 миллиард адам күнкөріс көзі ретінде орман ресурстарына тікелей тәуелді.