Геннадий Головкин рингке оралып, пуэрторикалық Эдгар Балангамен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшының болжамды қарсыласы мен жекпе-жектен алатын гонорары белгілі болды, деп мәлімдеді qazaqstan.tv.
Геннадий Головкин пуэрторикалық Эдгар Балангмен жұдырықтасуы ықтимал. Ол қазірге дейін 21 кездесу өткізіп, оның 16-ында нокаутпен жеңіске жеткен.
Жекпе-жекте Головкин 15 миллион доллар табуға мүмкіндігі бар. Сарапшылар бокс кеші тартысты болады деп отыр.
2023 жылғы 10 наурызда Геннадий Головкин әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартқаны белгілі болды.