Русский Сайттың толық нұсқасы

2025 жылдан бастап кедейлік шегі басқаша есептеледі

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2023
  • 1502

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің жаңа тәсілі туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейі арқылы емес, медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатын болады, - деді ол.

Сонымен қатар, Сарбасов 1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген шаралар халықаралық тәжірибеден алынғанын айтты.

Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін зерттедік. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызына, Канадада - 50, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда 60 пайызына пара-пар. Біз де осы тәжірибені енгізуді көздеп отырмыз, - деді ол.

Бұл ретте Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген: бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту және атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған натуралды пакетті монетизациялау; «Алтын» немесе «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статус беру, 7 және одан да көп бала тапқан әйелдерге жәрдемақыны өсіру.