Русский Сайттың толық нұсқасы

«ASTANA» телеарнасы - еліміздің резонансты оқиғаларында, реформалардың алдыңғы легінде жүр, - Д.Қыдырәлі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «ASTANA» телеарнасына келді. Ұжымды арнаның 30 жылдығымен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Осы уақыт ішінде телеарна айтарлықтай жетістікке жетті. Талай мықты мамандардың тәжірибе алаңы болды. Хабар тарату форматы заман талабына сай өзгеріп, көрерменнің көзайымына айналды. Еліміздің барлық өңірінде тілшілер қосыны бар. Олар жер-жердегі жылт еткен жаңалықты жеткізіп, үздіксіз ақпарат таратып келеді. Арнаның рейтингісі үздік бестіктен түскен емес. Сондай-ақ министр «SarapTimes» бағдарламасына сұқбат берді. Апталық-сараптамалық бағдарламаның осы маусымдағы соңғы шығарылымын ертең, кешкі сағат 20:00-де арнамыздан көре аласыздар.