Air Astana жолаушысы әлеуметтік желіде жол жүгінің бүлінгеніне шағымданды. Әуе компаниясының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Стюардтар бізге дөрекілік танытты. Олар өте дөрекі жауап берді... Олар біздің жол жүгімізді сындырды. Жүк сөмкесінде сыртында "әйнек бар" деп жазылса, алдыңғы екі дөңгелігін сындырған", - деп шағымданды жолаушы Instagram парақшасында бүлінге шабаданын көрсетіп.
Бейнежазба авторының жол жүгіне қатысты мәселені шешкенін әуе компаниясының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлады.
"28 маусымда Алматы-Стамбул рейсі бойынша KS 911 рейсі қонған кезде әлеуметтік желілерде жолаушы түсірген видеоға қатысты жолаушылардан борттағы қызмет көрсетуге қатысты шағымдар болмағанын хабарлаймыз. Видео авторының багажына қатысты әріптестеріміз оның өтінішін қанағаттандырды", - деп жауап берді Air Astana-ның баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы сондай-ақ багажды тасымалдау туралы ақпарат әуекомпанияның сайтында бар екенін еске салды. Әу компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк бүлінген жағдайда сіз багажды іздеу Lost&Found бөліміне хабарласуыңыз немесе веб-сайтқа келесі құжаттарды қоса сұрау жіберуіңіз керек: