Қолайлы астрологиялық кезең, ай фазаларының ауысуы - жаз мезгілінің жайлы болуына ықпалын тигізеді, деп жазды kaz.nur.kz
Демалысыңыз бен маңызды жұмыстарыңызды шілде айына арналғаг Ай күнтізбесі бойынша жоспарласаңыз қателеспейсіз. Астролог Энни Хиз Ай күнтізбесі бойынша шілдедегі ең қолайлы күндерге болжам жасады. Бұл материалдан білетіндеріңіз: 1. Ай фазалары мен олардың ауысу кезеңдері. 2. Ай энергиясының өміріңіздің маңызды бағыттарына әсері. 2023 жылдың шілде айындағы Ай фазалары Шілде Айдың өсуі кезеңіне келетіндіктен, бұл ай шығармашылықпен шұғылданып, қарым-қатынас орнатуға, медиациямен айналысуға қолайлы. Ай күнтізбесі бойынша, ай фазалары бірнеше кезеңге бөлінген: 1-2 шілде; 18-25 шілде; 27-31 шілде; Ақшаға, махаббатқа жасалатын арнайы ырымдар өте сәтті болады. Диетаға отырып, шылым шегуді тастауға әрекеттенбеңіз, бұл кезең ол үшін қолайсыз болып саналады. Өзгерістерге айдың толысуынан кейін көңіл бөліңіз. Магиялық айдың толысуы 3 шілдеге тура келеді. Almanac.com редакторы Кэтрин Бекманн бұл кезеңді ежелгі үнді, америкалық, еуропалық дәстүрлерге сәйкес Бұғы Айы деп атаған. Moongiant басылымы шілдедегі жаңбырдың көптігіне байланысты бұл уақытқа Күркіреу Айы деген ат берген. Starwalk Space жобасы бұл күнді 2023 жылдың маңызды астрологиялық оқиғасы деп белгілеген. Жаңа туған ай. Көрнекі сурет: pixabay.com Айдың толысу күні - ашық тереземен ұйықтамаңыз, медициналық манипуляциялар жасамаңыз, қарызға ақша алмай, үй жинамаған дұрыс. Шаштаразға баруды ай күнтізбесіне байланысты жоспарлаңыз. Жалпы имиджді өзгертуді, Айдың кері қайтуы кезеңіне қалдырған дұрыс. Ол кезең екіге бөлінеді: