Русский Сайттың толық нұсқасы

Т.Төлешов Атыраудағы сотқа куәгер ретінде онлайн байланысқа шықты

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2016
  • 2722

Тоқтар Төлешов Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізбек болған. Бұл ойын шымкенттік «сыра королі» Атырауда болған сотта айтты. Бүгін онда жердің жалға берілуіне қатысты заңсыз митинг ұйымдастырды деп айыпталып жатқан қос белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот отырысы өтті. Тоқтар Төлешов сотқа Астанадағы Есіл аудандық №2 сотынан онлайн байланысқа шықты. Қазір Тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы телефон арқылы байланыста. Базаргүл, соттан қандай ақпараттар біле алдыңыз?

Базаргүл Нәдірқызы, тілші:

Атышулы Тоқтар Толешовтың сотта куә болуын сотталушының бірінің адвокаты сұраған болатын. Сұрақтың астына алғандарға асықпай байыппен түсіндіріп берді. Оның айтуынша, елімізде қазіргі билікті өзгертіп, вице-президент лауазымын енгізу үшін алдын ала арнайы жоспар құрып, сол бойынша әрекет еткенін мойындады. Өзінің Қазақстанда саясаткер де, мемлекеттік шенеунік ретінде танымал болмағандықтан, саяси салмағымды арттыру жолдарын қарастырдым деп, ойын ашып айтты.  Оған былтыр күзде қабылданған «Жер туралы» кодексінде енгізілген өзгерістер дөп келген. Осылайша ойын жүзеге асыруға қызуқанды батыстықтарға таңдау түскен.  Ал Талғат Аянмен де, Макс Боқаевпен де  жеке таныс емеспін,- деді. Тек  бұрын-соңды түрлі мәселелермен көзге түскен Талғат Аянға Атыраудағы жақсы танысым арқылы байланысқа шықтым,- деді сөзінде.

Тоқтар Төлешев:

Атырауда менің досым бар. Соған Талғат Аянды тауып беруін сұрадым. Бірнеше күннен соң, ол Талғатпен байланыстым, деді. Оған  жер кодексіне енгізілген өзгерістер мазалап жүргенін айтып, баспасөз конференциясын, митинг, көпшілік шаралар өткізу, осылайша Қазақстан қалаларын аралап, бұқараға  кодекстегі өзгерісті жеткізу туралы ұсыныс айтқыздым. Ол бұл айтарлықтай материалдық қаражат қажет екенін жеткізген. Қанша дегенде бастапқы уақытқа 150 мың доллар депті.

Алайда қоғамдық белсенді Талғат Аян мұның бәрін жоққа шығарды. Ал Төлешов айтқан «атыраулық жолдасының» есімін сұраған кезде, ол досының аймаққа танымал азамат екенін айтып, қауіпсіздігі үшін есімін айтудан бас тартты.

Айта кетейік, сот процесі 12 қазан күні басталды. Макс Боқаев пен Талғат Аян 21 сәуір күні Исатай мен Махамбет атындағы алаңда болған митингті ұйымдастырған деп айыпталып жатыр. Сотқа Тоқтар Төлешевтен өзге 300-ге жуық куәгер шақырылмақ.