Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысындағы ауданда төтенше жағдай жарияланды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 803

Ақмола облысындағы ауданда ауызсу жарты жылдан аса уақыт болмауына байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атбасар ауданына қарасты Есенгелді ауылының халқы жарты жылдан аса уақыт ауызсусыз отыр. Төтенше жағдай жариялау туралы шешім ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 29 маусымда жарияланды. Есенгелді ауылы ауызсумен Экология министрлігінің су ресурстары комитетінің теңгеріміндегі Нұра топтық су құбырынан қамтамасыз етіліп келген. Бірақ әбден тозығы жеткендіктен, 2020 жылғы қаңтардан бері су үздік-үздік берілсе, ал былтыр желтоқсаннан бері мүлде су жетпей қалған. 

Ауылдағы ауызсу тапшлығын Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов су құбырының әдбен тозып, үлкен апаттарға ұшырап, құбырлардың жарылып кетуімен түсіндірді. Ауылға су облыстың басқа елдімекендерінен көлікпен жеткізіліп келеді.

"Нұра топтық су құбырынан шығып Есенгелді ауылын ауызсумен қамтамасыз ету үшін жанама жол ретінде Сепе ауылдық округы аумағындағы Құскөл көлі су қоймасын пайдалануға болады. Онда Сепе ауылдық округы теңгерімінде тұрған ұзындығы 1,5 шақырым таза су резервуары су құбыры желісін тарта отырып блок-модуль орнату мүмкіндігі бар. Су қоймасының көлемі халық 80-100 текше су тұтынған жағдайда тәулігіне 50 мың текше су болады. Екі мәрте судан талдау алынған. Талдау талапқа сәйкес келеді. Таратушы желілер дайын әрі үйлерге қосылған. Осылай қысқа мерзімде-ақ Есенгелді ауылының тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етуге болады", - дейді "Атбасар Су" коммуналдық кәсіпорнының директоры Дмитрий Демченко. 

Коммуналды қызмет өкілдерінің айтуынша, ауылда су тазарту блок-модулін орнату үшін шамамен 100 миллион теңге қажет. Яғни блок-модулден бөлек, оған трансформаторлар мен электр тарату желілері қажет.