Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент құтқарушылары саусағы қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 848

Құтқару қызметінің "112" пультіне 2 шілдеде сағат 13:16-да қоңырау түсті. Кішкентай қыз балаға шұғыл көмек көрсету туралы сұраған.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 жасар қыздың оң қолының саусағын металл қақпақтың саңылауына салып, оны ала алмағанын анықтады. Нәтижесінде құтқарушылар қолда бар құралдардың көмегімен баланың саусағын босатты. Қызға медициналық көмек қажет емес еді,- деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.