БҚО-да жоғалып кеткен бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Бөрлі ауданы ТЖ басқармасының баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді. 30 маусымда сағат 19:19-да Ақбұлақ кентінен 500 метр қашықта жергілікті тұрғындар 2009 жылы туған баланың денесін тапқан.
Ол белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Баланың өлімінің себептері және басқа жағдайлар анықталып жатыр.