Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқының саны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 842

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 1 маусымындағы санақ бойынша ел халқының саны 19 миллион 766 мың 807 адам болды.

Елімізде қала халқына жататын азаматтар екі есе дерлік көп – 12 209 896 адам, ауыл тұрғындарының саны 7 556 911. 2023 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 112 196 адамға өсті.

Еліміздегі тұрғындар ең көп қоныстанған өңір – Алматы қаласы. Халық саны бойынша мұнда 2 161 902 адам тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 119 226 адам, үшінші орында Алматы облысы – 1 505 896 адам.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 354 556 адам, Жамбыл облысы бесінші орында – 1 218 158 адам.