Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 3 күн ішінде полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді. Бірақ, оған қарамастан, Астанада 3 күн ішінде полицияға 600-ге жуық хабарлама түскен. Отбасындағы кикілжіңді жалаң жұдырықпен шешетін азаматтар азаймай тұр. 346 адамға әкімшілік іс қозғалып, 65 адам құзырлы орган қызметкерлерімен ұсталған. Айта кетейік, 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді. Енді құқық бұзушы жәбірленушімен бір рет қана татуласа алады. Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке қамауға алынады. Қайталанған жағдайда 10 тәулік қамауға алынады.

Ақмарал СЕРІКБАЕВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Бұл адамдар полицияның профилактикалық есебіне қойылады. Полиция олардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылауды күшейтеді. Осы тиымдар бұзылған жағдайда соңғы өзгертулер бойынша 10 күнге қамауға алу жауапкершілігі көзделген. Сонымен қатар ол адамның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтары қарау кезінде сот дебоширдың мінез-құлқына ерекше талаптар орнатуға құқылы. Ол 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге орнатылады.