Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайы талқыланды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2016
  • 1943

Кедендік бақылаудың сапасын арттыру үшін жаңа заңнамалар қабылдануы мүмкін. Егер Кедендік кодекстің жаңа нұсқасы пайда болса, бақылау мен тексеріс қазіргіден бірнеше есе аз уақыт алатын болады. «Нұр Отан»  партиясы жанындағы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңеске жиналғандар осылай деді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біз осыны бір ай бойы кеңестің жанынан құрылған комиссия арқылы өңірлерге шығып, шекарадағы постарға барып, өзіміздің талдауларымызды өткіздік.  Әлде де болса, мына сыбайластыққа жол беретін, соларға ұйытқы болатын кейбір мәселелер көрініп тұр.

Қоғамдық кеңес салық және кедендік әкімшілендіру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізген. Жұмыс тобы Маңғыстау, Алматы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бақылау жүргізді. Сондай-ақ, Ақтау теңіз порты, «Жібек жолы», «Қапланбек» бекеттерінде болып, көлік жүргізушілерінің ұсыныстары мен ескертулерін тыңдады. Қоғамдық кеңеске жиналғандар сапар барысындағы проблемаларды талқылап, ұсыныстар білдірді.Кеден саласында алпысқа жуық қызметтің 45 пайызы электронды қызметке көшкен. Сондай-ақ, 14 құжатқа өзгерістер енгізілген. Жалпы биыл кедендік бақылаудың жұмыс нәтижесі артқан, алайда жүк көліктерін ұзақ уақыт ұстауға байланысты  мәселелер бар деді кеңес мүшелері.

Дәулет Ерғожин, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

Кедендік басқарудың сапасын арттыру үшін бірқатар бастамаларды енгізуді жоспарда бар. Жаңа ақпараттық жүйе, тауарларды электронды декларациялау және тауарды шығарғаннан кейін бақылауды ауыстыру. Бірақ бұл тек еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кедендік кодексін мәжіліс қабылдағаннан кейін ғана іске асады. Осы жүйе енгізілсе кедендік бақылау 29 минут қана уақыт алады.