Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанда аптап ыстық болады

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 827

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 4-6 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да мүмкін.

"Тек еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде", - дейді синоптиктер.

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +33+39°С дейін көтеріледі деп күтілуде.

Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының аздап төмендеуі болжам бойынша:

солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін,

солтүстікте +25+30°С дейін,

шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін,

оңтүстігінде +25+38°С дейін.