Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапонияда қатты нөсерден 37 метрлік көпір қирады

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 886

3 шілдеде Жапонияның оңтүстік-батысында қатты нөсерден көпір қирады. Кумамото қаласының 360 мың тұрғыны эвакуация туралы хабарлама алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап мәлім етеді.

Жапония метеорологиялық агенттігі қатты нөсер мен найзағай сейсенбіге дейін жалғасатыны туралы ескертті және тұрғындарды ықтимал көшкін мен сырғымаға байланысты абай болуға шақырды.

Кумамото префектурасының Ямато және Машики кенттерінде жауын мөлшері сағатына 82 мм және 80 мм жетті. Бұл шілдеде осы аймақ үшін рекордты көрсеткіш.

Жергілікті биліктің айтуынша, қатты жаңбырдан Ямато кенті арқылы ағып өтетін шағын өзеннің үстіндегі 37 метрлік бетон көпір опырылып түскен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.