Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдан 512 км қашықтықта жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2023
  • 1129

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні Алматы уақытымен сағат 08:08-де жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 512 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 10.7.

MPV магнитудасы – 4,9.

Тереңдігі - 10 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Еске салайық, 4 шілде күні сағат 02.02-де Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында жер сілкінген болатын. Жерасты дүмпуін Ақтау қаласының тұрғындары сезінді.

Бұдан бір сағат бұрын Әзербайжанның сейсмология қызметтері 5,7 магнитудасымен жер сілкінісін тіркеді. Каспий теңізінде зілзала қуатты болды. Тербелесті Әзербайжанның жекелеген аудандары, соның ішінде Баку тұрғындары сезінді.