Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2016
  • 2939

Жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде ұйымдастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жөнінде президентке есеп берген ведомство басшысы хабарлады.

Бейбіт Атамқұлов аэроғарыш саласын дамытудың, қорғаныс кешенінің өндіріс қуатын арттырудың перспективасы туралы баяндады. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрліктің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Президенттің айтуынша, жаңа технология қолданылған аэроғарыш өнеркәсібіне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін, отандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Кездесуден соң президент жаңа министрге бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Жаңа министрлік алдында нақты міндеттер қойылды. Алдағы уақытта барлық ұйымдастыру іс-шараларын аяқтап, Елбасының жүктеген тапсырмаларын орындауға кірісеміз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА