Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиландтағы әйел өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп, көпшілікті таң қалдырды

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2023
  • 837

Таиландта 49 жастағы Чатапорн Срифхонла өз жерлеу рәсіміне бара жатқан жолда есін жиды. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Әйел бауыр ісігінен ауруханада емделіп жатқан, дәрігерлер оның отбасына науқастың өмір сүру мүмкіндігі өте аз екенін ескерткен. Содан кейін анасы қызының өмірінің соңғы минуттарын жақындарымен бірге өткізу үшін үйіне алып кеткен.

"Чатапорнды ауруханадан үйіне жеткізген күні дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады. Қызымен бірге келген анасы дереу туыстарына қайғылы жағдайды жеткізіп, қоштасуға дайындалуды өтінген. Содан кейін ғибадатханадағы рәсім және кремация жұмыстары басталған", - деп хабарлады басылым.

Будда дәстүрі бойынша марқұмның денесі бір түн жатуы керек болғасын, әйелді ғибадатханаға апарған. Жолда туыстары қоштасу рәсіміне дайындықты ұйымдастырып, табыт пен гүл шоқтары тез арада алып келінеді.

Бірақ куәгерлерді таң қалдырып әйел кенеттен оянған.

Анасы қызының ғажайып "қайта тірілуіне" таң қалып, отбасына қайта қоңырау шала бастаған, сөйтіп қуанышты хабармен бөліскен.

Науқас қайтадан ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Оның туыстары бұл оқиғадан абдырап қалғандарын айтады.