Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы спорт клуб бір допты 50 мың теңгеге сатып алмақ болған

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2023
  • 930

Мемлекеттік сатып алуларды мониторинг жасау барысында тауарды қымбатқа сатып алу деректері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Мысалы орталықтардың бірі 30 ноутбукты 550 мың теңгеден, жалпы сомасы 16,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың шын мәніндегі бағасы 219 мың теңге болған. Осылайша орталық ноутбукты екі есе қымбат етіп сатып алмақ болған.  

Антикоррупциялық қызметтің тексерісінен кейін орталық мемлекеттік сатып алу бойынша тауардың құнын қайта есептеген. Осылайша бюджет 9,9 миллион теңгеге қысқарған. 

Дәл осындай жағдай спорт клубында да болған. Мұндағылар 50 доптың әрқайсын 50 мың теңгеге, жалпы 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың негізгі бағасы - 5900 теңге. 

Спорт клуб басшылығы да тауар бағасын қайта есептеп, 2 миллион теңге қысқарған.