Қазақстандық, әлемнің 260-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хилс (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 218-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда франциялық теннисші сәтті ойнады - 6:3. Есесіне содан кейін Михаил Кукушкин ойын тізгінін өз қолына алды - 6:3, 6:2.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Кукушкин 8 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 13 эйс, 1 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Кукушкин жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 180-інші, жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Денис Кудламен сайысады.