Русский Сайттың толық нұсқасы

Нидерланд үкіметі босқындар мәселесіне байланысты отставкаға кетті

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2023
  • 934

Нидерланд үкіметі дағдарысқа ұшырады. Марк Рютте бастаған коалициялық министрлер кабинеті көші-қон саясатындағы келіспеушіліктерге байланысты тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Баспана іздеушілер ағынын тежеу шаралары қызу пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды NOS телерадиокомпаниясы. Босқындарға уақытша мәртебе беру және олармен қауышатын туыстарының санына шектеу қою туралы да ұсыныс болды.

Күзде басқарушы коалиция ыдырағаннан кейін кезектен тыс жаңа парламенттік сайлау өтеді деп жоспарланған.