Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқушылар сарайында «Есігімді қаққан кім?» атты драмалық қойылым көрсетілді

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2016
  • 6857

Жастардың жат ағым жетегінде кетуіне тоқтау салатын қойылым. Астанадағы Оқушылар сарайында жазушы-драматург, сенат депутаты Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» атты пьесасынан сахналанған «Есігімді қаққан кім?» атты драмалық қойылымы кезекті рет көрсетілді. Шығармада соңғы уақыттарда елдің тыныштығын бұзып отырған теріс сипаттағы ағымдар мен білместікпен қауіпті жолға түсіп жатқан жастар жайы айтылады. Автор мұндай жастардың өмірін діни экстремистердің ортасына тап болған жас отбасының басынан өткен оқиғалар арқылы жеткізген. Жат діни ағым жетегінде кеткен олар сонау Сирияға өздерімен бірге қаршадай қызын да ала кетеді. Алайда өздері тап болған топтың түпкі мақсаты дін емес, кісі өлтіріп, террористікпен айналысу екенін өте кеш ұғынады. Қойылымның негізгі мақсаты - болашақ жастарды кейіпкерлердің тағдырын қайталамауға, ата-баба дәстүрімен жүруге үгіттеу.

Талғат Теменов, театр және кино режиссері:

Сирияға кеткен бүгінде Қазақстанда 3 мыңдай адам бар. Бұл олардың жеке басының трагедиясы емес, бұл түгел қазақ халқының трагедиясы. Өйткені біздің отанымыз біреу - ол Қазақстан. Мына бүгін келген көрермен, жастар басқа ойға қалса, тәубеге келсе, театр өз миссиясын орындаған болып есептеледі.