Русский Сайттың толық нұсқасы

"Талмай еңбек ету керек". Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тағы өмірі туралы айтты

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2023
  • 936

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тағы өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Спортшының айтуынша, ол Майамиге көктемгі демалыс маусымында, баға шарықтап, жалдамалы баспана табу қиын болған кезде келген. Екі бөлмелі пәтерді жалдау үшін ол айына 6000 доллар төлеген. Ол тұрғын үй бағасының қымбат екеніне қарамастан, қауіпсіз аймақты арнайы таңдаған, өйткені отбасының қауіпсіздігі бірінші орында болды.

"Отбасым келді, көмектесті. Отбасыммен оңайырақ болды. Тамақтану жағынан бәрі дұрыс болды. (...) Осы бес айдың ішінде мен 60 мың доллар жұмсадым. Визамның уақыты біткен соң кете алмадым, келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек қалды. Қанша ақша жұмсасам, сонша еңбектендім. Жай кетіп қалғым келмеді. Мен мүмкіндікті күттім. Менің ойымша, жақсы өнер көрсеттім", - деді Жұмағұлов MMA Territory YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Қазақстандық спортшы Америкада қалар ма еді деген сұраққа да жауап берді.

"Америкада өмір сүру үшін талмай еңбек ету керек. Білмеймін, мен олай өмір сүргім келмейді. Ол жақта өмір өте қиын. Мен білетін қазақтың көбі онда жүк тасымалдаушы болып істейді. Олар үйлерін көрмейді, мына жүк көліктерінде тұрады. Маған бұл жерде (Қазақстанда - еск.) ұнайды", - деді ол.

Жұмағұловтың айтуынша, АҚШ-та әйелі мен екі баласы бар адамға жайлы өмір сүру үшін айына кемінде 10 мың доллар табыс табу керек.