Русский Сайттың толық нұсқасы

Интим сурет таратқаны үшін миллион доллар айыппұл төледі

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2023
  • 1336

Өзбекстанда перде сататын Telegram-арнада порнографиялық суреттер пайда болды. Бұл жазбаның авторы тез арада анықталып, оған 16,5 миллион сум (шамамен 640 мың теңге) айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Хорезм облысының тұрғыны 3 жыл бұрын перделерін жарнамалау үшін Telegram-арна ашқан. Бірақ биыл сәуірде оқырмандары перделердің орнына порнографиялық мазмұндағы gif-файлдарды көрген. Оларды қолданушылардың бірі жіберген. Арна иесі оған телефон соғып, әдепсіз жазбаны жоюды талап етті, бірақ дөрекілікке тап болды.

Кейін кәсіпкер тәртіп сақшыларына жүгініп, іс сотқа дейін жеткен. Сотта сотталушы өз кінәсін мойындап, сол күні кешке достарымен демалып жатқан кезде байқаусызда порнографиялық суреттер жібергенін айтты.

Сот оны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша кінәлі деп тауып, айыппұл салды. Сондай-ақ, мемлекет пайдасына ер адамнан ұялы телефоны тәркіленді.