Түркістан облысында жасөспірім басына оқ тиіп қайтыс болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
шкі істер министрлігінің ресми дереккөзіне сүйенсек, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
“Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді”, – делінген жексенбіде тараған ақпаратта.
Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
“Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп қосты полиция.