Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаты терроризм үшін сотталғандарға бөлек түрме ашуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2016
  • 3441

Терроризм үшін сотталғандарға жеке абақты салу қажет. Бүгін Ирина Смирнова премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына осындай депутаттық сауал жолдады. Өйткені ланкестердің жазасын өтеу мерзімі ұзартылса, басқа жазасын өтеушілерді экстермизмге үгіттеуі мүмкін. Сондықтан депутат оларды жеке колонияда, не абақтыдан бөлек аймақта оқшаулауды сұрады.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жеке колониялар салу туралы Парламент қабырғасында 2014 жылы талқыланып, Ішкі істер министрі мәселенің жақын арада шешілетінін айтқан болатын. Лаңкестік әрекеттері үшін сотталғандарға арналған алғашқы абақты Қарағандыда салынуы керек еді. Оған қаржылай демеу болатын кәсіпкерлер де барын білеміз. Алайда әлі күнге дейін елімізде жеке түрмелер жоқ. Жалпы түрмеден жазасын өтеп шыққандар демеуді мемлекет тарапынан емес, экстремистік ұйымдардан көреді. Себебі абақтыда отырып-ақ байланысты болған. Сол себепті жеке колониялар салу туралы атқарылып жатқан жұмыс жоспарымен танысуымыз керек.    
Саламат ОМАШ