Русский Сайттың толық нұсқасы

"Елдің бәрі күліп жатқан сияқты". Ләйлә Сұлтанқызы Желідегі "шулы" видеосына қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2023
  • 1244

Желіде танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының "Екі жұлдыз" жобасында ән айтқан видеосы тарады. Тележүргізуші бұл видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Ол неліктен енді үлкен сахнаға шыққысы келмейтінін түсіндірді. 

"Жаңа босанған кезім. Түріме, томпақтығыма күлуге болмайды. Екіншіден, кәсіби әнші емеспін. Сол кезде марқұм Болат Атабаев маған "Ләйлә, қоя ғой. Үлкен сахнаға алғаш және соңғы рет шыққаның болсын" деді. Содан менде комплекс қалып қойды. Тіпті караокеге барып, ән айтпаймын ғой. Бала болдық. Бірінші рет "Екі жұлдыз". Өзім қатты күлдім, әйтеуір. Елдің бәрі күліп жатқан сияқты", - деді ол.

Сондай-ақ, тележүргізуші "Екі жұлдыз" жобасына қалай қатысқаны туралы да айтты.

"Есімде жоқ, 2009 жыл ғой деймін. Динара Адам продюсер болатын. Динара хабарласып "Ләйлә, сен осы жобаға қатыс" деді. Мен жерден жеті қоян тапқандай, өзімді керемет әнші сияқты сезініп келістім. Соған қарағанда өзіме қатты сенімді болғанмын ғой. Адам деген өзіне, түріне, дауысына, талантына қарау керек қой негізі. Өзіме қатты сенгенмін ғой сонда", - деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы бұл видеоның сілтемесі жекесіне күніне бірнеше рет келіп тұратынын айтты. 

"Ректен (рекомендация - еск.) түсірмейтін оқырмандарым-ай. Осы видеоның сілтемесі жекеме күніне бес рет келетін шығар", - деп жазған ол.